Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл алғаш рет “Дауыс” жобасы өткізіледі

Әлемнің ондаған елінде танылып үлгерген «Дауыс» жобасы Қазақстанда көш бастап тұр. Биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылып отрған бұл жобаға үлкендер ғана емес, бүлдіршіндер де қатыса алады.

Безымянный

Бұл туралы kursiv.kz хабарлайды.

The voice жобасының негізінде құрылған «Дауыс. Балалар» жобасы голландық продюсердің қатысуымен өтеді. Аталған жоба қыркүйек айында Бірінші арнадан көрсетіледі. Қатысам деушілер қазірден бастап өтініш жаза алады.

“Жоба әділ өтеді. Жеңімпаздың кім болатынын алдын ала ешкім беілмейді”, – дейді жоба жетекшісі Исмаил Игильманов.

Алғашқы іріктеуден кейін, әділқазылар қатысушыны түр-тұлғасын көрмей таңдайды. Жобада Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов, Ева Бехер тәлімгер болмақ. Ал, төртіншісінің кім екені әзірге жұмбақ.

Шоудың жеңімпазын көрермендердің дауыс берген СМС-хабарламасы арқылы анықтайды. Жеңімпаздың кім екенін 2017 жылдың қаңтар айында хабарлайтын болады. «Дауыс» жеңімпазы 7 миллион теңге, ал «Дауыс. Балалар» жеңімпазы 3 миллион теңгені қанжығасына байламақ.

Бұда бөлек қатысушылар авторлық әнін орындап, фортепиано, скрипка сынды музыкалық аспаптарда ойнап, әнді қатар орындай алады. Тіпті, ыдысқа су құйып өнер көрсетуіне де болады.

Ал, фонограмма мен минсовкалар мүлде қолданылмайы. Ақтық сында қатысушылар оркестрмен бірге ән айтатын болады.

«Дауыс» жобасының өзгелерден айырмашылығы – әділқазылар қатал болмайды. Тек өз командасын құратын тәлімгерлер ғана болады. Сын айтылмайды, ешкімді келемеждеп күлмейді. Қатысушының түр-келбеті қандай болмасын, оның тек даусы, өнері бағаланады.

Талқылау