Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері қалпына келтірілді

Қазақстандық арнайы ХҚО-ларда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері техникалық ақаудан кейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері қалпына келтірілді

«Барлық арнайы ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтер штаттық режимде көрсетілуде», - делінеді хабарламада.

Комитеттегілер келтірілген қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Еске сала кетсек, 13 наурызда Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері тоқтатылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр