Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік жүргізу куәлігін 50 мың теңгеден сатып жатыр

Қазақстанда полиция арасындағы жемқорлық туралы тағы да сөз қозғалды. Бұған 20 жастағы қыздың көлік жүргізу куәлігін сатып алғандығы туралы жазбасы себеп болып отыр. Аталған арнаның журналистері жеке зерттеу жүргізіп, Қазақстанда көлік жүргізу куәлігін небәрі 50 мың теңгеге сатып алуға болатындығы анықталды.

17309553_1518185541524812_6135295142021038962_n

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Ең өкініштісі, бұл жазбаның шындыққа жанасатындығында. Яғни бұл бойжеткен болмаса да, оны басқа біреуі оңай сатып ала салуы мүмкін. Жалған куәліктер жолда апаттың көбеюіне әкеліп жатыр. Жыл басының өзінде 50-ге жуық жас жүргізушілер көптеген жол апатына себепші болып үлгерді.

Басты кейіпкер – Әйгерім Фазылованың әкесі жол жүргізу куәлігін қызына сатып алып бермегендігі туралы айтып жатыр. Аталған оқиғаның ертесінде желіде бойжеткеннің тест тапсырып жатқан сәті таспаланған видео пайда болды. Желідегілер мұны арзан қойылымға балады.

«Таңдаулы» бағдарламасының репортерлері жеке зерттеу жүргізіп, Қазақстанда көлік жүргізу куәлігінің сатылатындығына көз жеткізіп қайтты. Тіпті, бағасы да айтылды. Осының барлығы полицейлердің алдында жүзеге асқан.

«ОСА» автомодилистер ұйымының жетекшісі Руслан Лазут Әйгерім Файзулла түскен видеолардың барынша жалған екенін түсіндірді. Ол тіпті видеоны түсіру үшін қаншама адамның құқық бұзуына тура келгенін тілге тиек етті. Әзірге ІІД-де арнайы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде бойжеткеннің көлік жүргізу куәлігін сатып алғандығы немесе алмағандығы анықталмақ.

Заңгер Евгений Яворскийдің айтуынша, бойжеткеннің куәлікті өз күшімен алғандығы анықталған жағдайда, полиция қызметкерлері өздерін қаралағандардың барлығын сот алдында жауап беруге мәжбүрлей алады. Мұндай құқық бұзушылыққа 435 мың көлемінде айыппұл салынады немесе 180 сағат қоғамдық жұмыспен айналысуға мәжбүрлейді екен.

Ресми деректер бойынша, шынайы білімнің көмегімен көлік жүргізу куәлігін алу қиынға соғады екен. Мысалы, бір жыл ішінде 6,5 мың адам куәлік алуға әрекеттенген. Алайда олардың үштен бірі ғана көлік жүргізу мүмкіндігіне ие болған.

Қазақстандықтар сауалнама кезінде аталған куәлікті сатып алуға болатынын растады. Тіпті қай жерден және қанша теңгеге алуға болатынын да айтып берді. «Қаскелеңде, Алматыда және Алматы облысында куәлік сатып алуға болады. Меніңше, барлығы да мүмкін. Әрине, мұндай жағдаймен өзім бетпе-бет кездескен емеспін. Десе де, сатып алғандардың бар екені туралы көп естимін» дейді тұрғындардың бірі.

Жалған куәліктерді де автоХҚКО-дан алады екен. Оны небәрі 50 мың теңгеге жасатып алуға болады екен. Автомекте оқығандығы туралы анықтамасы болса, бағасы сәл арзандай түспек.


Жіберіп алмаңыз:

13 жастағы қыз төсектес болған жігіттерінің тізімін алдын ала құрастырған

6 қылмыскер жасөспірімді тікелей эфирде зорлады

“Эйр Астана” ұшағы өшіп тұрған қозғалтқышпен қонуға мәжбүр болды

Қазақстандық актер Мәскеуде екі қызға шабуыл жасады

Талқылау