Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік тіркеу процедурасы жеңілдетілді

Енді автокөлікті иесінің тұрғылықты мекенжайына қарамастан тіркеуге болады. Бұл жағымды жаңалықпен ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы  Ирина Лукьянина өзінің Фейсбуктегі парақшасы арқылы бөлісті.

20160924143415

 

Оның атап өтуінше, 2016 жылдың 26 қыркүйегінен Қазақстан аумағында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің  эксаумақтық ұстанымы енгізілетін болады.

«Кез келген арнайы ХҚКО-да немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пунктінде кез келген өңірдің көлігін иесінің тіркелген мекенжайына қарамастан қайта тіркеуге қоюға болады. Мұндай тіркеу Қазақстанда тұрақты тіркеуде тұрған жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді», – деді ол.

Лукьянинаның айтуынша, мұны ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім еткен.

«Осылайша, мәселен, егер сіз Павлодарда тіркелсеңіз, бірақ, көлікті Алматыда сатып алсаңыз, онда транзиттік нөмірді рәсімдеудің қажеті жоқ. Өйткені, сіз оны оңтүстік астанада бірден тіркей аласыз. Бұл бір жерде тіркелгенімен басқа жерде жұмыс істейтіндерге де ыңғайлы. Яғни, машина сатып алғаннан кейін оны тіркеу үшін тұрақты тіркелген мекенжайға барудың қажеті жоқ», – деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда жол ережесін бұзып айыппұл төлемейтіндер айлығын ала алмайтын болды

Елімізде жол тәртібін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдың мөлшері төмендетіледі

Алматы облысында жоғалған үш ағайынды жігіт өлі күйінде табылды

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды

Талқылау