Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік салығы тоқтатылуы мүмкін

Келесі жылдан бастап Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін. Акцизді бензин бағасына қосу жоспарланып отыр.

big_52ae1954802e6c58ee7

Сурет idrive.kz

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлайды.

Мамандардың айтуынша жаңашылдық салықты төлеуді жеңілдетпек. Әрине, бұл ретте елдегі жанармай бағасы бірден қымбаттамақ.

“Әрине, бензин бағасы 9-10 теңгеге қымбаттайды. Бірақ, мұның қосымша артықшылығы бар. Жыл сайын төлеп тұрудың қажеті жоқ. Жиналған ақша қалтада тұрады. Салығы 300 мың теңгеге дейін жететін көліктер бар. Олар үшін бұл бастама өте тиімді болмақ”, – дейді Алматы қалалық ІІД түсіндірме басқармасының жетекшісі Еділ Әзімшайық.

Сондай-ақ, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жер мен мүлікке салынатын салықты да біріктіруді ұсынды. Олар әр бес жыл сайын пәтерлерге тәуелсіз бағалау жүргізіп, қорытындысында салықты есептеп шықпақ. Өздерінің жаңа талдамасын мамандар мемлекеттік кіріс департаментіне сәуір айында ұсынбақ. Егер жаңа бастама қолдау тапса, Парламент талқысына жіберілуі мүмкін.

Талқылау