Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік нөмірін алып тастап той кортеждерін өткізу сәнге айналды

Алматыда тағы той кортеждері орталық көшелердің бірінде ережені өрескел бұзып, полицияның назарын аударды. Олар енді қымбат көліктеріндегі мемлекеттік нөмірлерін шешіп тастап, теріс қарай жүруді сәнге айналдырған.

Қазақстанда көлік нөмірін алып тастап той кортеждерін өткізу сәнге айналды

Бұл туралы және той кортеждерінің заңды қалай айналып өтетіні жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Жол-ережесін қайшы қозғалыс жасау арқылы, көлік кептелесіне де себепкер болатындар оңай жазамен құтылып, бұл ісін қайта жалғастыра беретін көрінеді. Себебі айыппұл көлемі аз, кейде олардың өрескел әрекеті жазасыз қалады.

Жас жұбайлардың үйлену тойындағы кортежді бастап жүрген тікұшақ, тойхананың ішіне дейін кіріп барған көліктер. Елді немен таңқалдыруды білмеген тойшыл қауым енді қымбат көліктерімен теріс қарай жүруді сәнге айналдырған. Бір күндік мейрам үшін мемлекеттік нөмірді де қажет қылмай, заң бұзғандар да бар.

Ютуб порталын шолып қарасақ, мұндай жағдай тойшыл қауымның кәдуілгі әрекеті сықылды. Бақыттан басы айналған жас жұбайлар, ал ережені бұзып көлік айдайтындардың олардың достары. Егер оларға полицейлер кедергі келтірсе, кейбіреуі жұдырық ала жүгіруге дайын.

Қымбат көлікке жайғасып, жалпыға ортақ тәртіпке түкіргеніміз бар дейтіндердің әрекеті қатаң жазаланып та жатыр. Бірақ апат болатын жағдай туғызып, жазадан оңай құтылатындары көп. Мәселен, Маңғыстау облысында жас жұбайлардың көлікпен серуені кезінде жас жігіт тапаншамен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Алайда жұрттың зәрәсін алған ол 45 мың теңге айыппұлмен құтылған.

Астаналық Талғат Қайыргелдіұлы той ұйымдастыру орталығының жетекшісі. Айтуынша, жастардан мемлекеттік нөмірсіз жүру туралы ұсыныс түспеген. Бірақ лимузиндерді жалдап алғандар жол үстінде қарсы бағытқа шығу туралы өтініп жатады екен. Оның сөзінше,
Елордада қымбат шетелдік көліктермен бірге, атты кортеждер сұранысқа ие.

«Лимузин, Инфинити, арбамыз бар. Карета дейді. Сол үш көлік. Арба Астана бойынша біреу ғана. Әсіресе соны тойға алады. Көбінесе» – дейді той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Талғат Қайыргелдіұлы.

Өңірлерде болған оқиғаларды тізбектеп шықтық. Ал Астана бойынша жыл басынан бері той кортеждерінің қатысуымен бірде-бір заңбұзушылық тіркелмепті. Оған полицейлер жол бойындағы камералардың көптігімен түсіндіреді.

«Мемлекеттік нөмірін шешіп тастаған жағдайда ол әкімшілік жазаға тартылады. Яғни 10 айлық есептік көрсеткішке дейін. Егер қарсы жолаққа шыққан болса, той кортежі олар жүргізуші куәлігінен айрылуы мүмкін» – дейді қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Жалпы, той кезінде көліктердің ереже бұзуы қалыпты жайт. Жыл басынан бері жүздеген мың жүргізушіге ереже бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады. Соған қарамастан жолдың қарсы бетіне шығу, кері шегініп жүру, арнайы дыбыстық құрылғыларды пайдалану деректері азаймай тұрған көрінеді. Ал жұрттың зәре құтын қашырған той кортеждері өзіне де өзге көліктерге де қауіп төндіретінін түйсінбесе, мұндай мақтаншақтық әлі ұзақ жалғасатын түрі бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау