Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кімдер ең жоғарғы жалақы алады

Қазақстанда 2015 шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы басшылардың орташа жалақысы 1456 теңгені құрайды, деп жазылған ҚР Ұлттық министрлігі статистика комитетінің хабарламасында.

IMG_0552_0

2015 жылдың зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық қызмет түрлерінде еңбекақы төлеуі қызметкерлердің кәсіптер топтары арасында жіктелуі сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,5 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,3 есеге көп.

Ең жоғарғы жалақы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында – 1456 мың теңге тіркелді, бұл көмір және лигнит өндіру саласындағы басшылардың орташа алатын жалақысынан 2,8 есе және құрылыс саласындағы – 2,9 есе жоғары. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандарында жоғары жалақы – 496 мың. теңге, және 440 мың теңге алғанын атап өткен жөн.

Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін техникалық қадағалау жөніндегі инженерде, көтергіш машинисте және бұрғылау жөніндегі инженерде (бұрғылау жұмыстары) болды (660 – 809 мың теңге). 269 мың теңге жалақыны мұнай өндеу өнімдерін өндіру саласындағы қызметкерлер, ал 231 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер алды.

Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде (352 мың теңге), біліктілік деңгейі бар мамандардан – арматуршы (157 мың теңге) және кран машинисті (краншы) (256 мың теңге) алды.
Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (125 мың теңге), агрономдары (109 мың теңге) ,ал төменгі жалақыны – қырықтықшылар мен қызмет пен өндіріс орындарын және аумақтарын тазалаушылар 25 – 30 мың теңге шамасында алды.

Барлық негізгі кәсіптер және қызметтер топтары бойынша әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың басшылары лауазымында жұмыс істейтін еркектердің жалақысы 438 мың. теңге, аудармашы –228 мың. теңге, экономист – 193 мың. тенге, есепші – 155 мың. Теңге болды. Бұл 1,2 – 2,0 есе әйелдердің орташа жалақысынан жоғары.

2015 жылғы қыркүйекте Астана қ. және Алматы қ. ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 598 мың теңге және 783 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болды, мұнда басшылар 183 мың теңгеден 208 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 4,2 есені құрады.

Экономистің жоғары жалақысы Атырау және Астана қ. байқалды, тиісінше203 мың теңге және 256 мың. теңге, ал төменгі – Жамбыл және Қостанай облыстарында 87 -89 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейі 1,4 есеге айырмашылық болды (Астана қ. – 158 мың теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысында – 113 мың теңге).

Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 105 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,7 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 87 мың теңге және 1,5 есе, тәрбиелеушіде – 61 мың теңге және 1,6 есені құрады.

Талқылау