Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда халал өнімдердің құрамынан тағы да шошқа еті табылды

Халалдың атын ғана жамылып жүргендер бізде де аз емес екен. Шұжық өнімдерін шығарған қазақстандық осындай 11 кәсіпорынның әрекеті әшкере болды. Олардың өнімдерінің құрамында шошқаның ДНК-сы анықталған. Мұның алдында ресейлік компаниялардың шұжығынан жаппай шошқа еті табылып еді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Азаттық Радиосы

Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған. Жалпы, жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан шығындалған қаржы да аз емес. 60 млн теңге. Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс.

Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде  айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстауда жол апатына түскен 10 жасар қыз екі аяғынан айырылды

Әйелі Instagram желісіндегі бір ғана сурет арқылы күйеуінің көзіне шөп салғанын білді

ОҚО-да сүйіктісін алып қашқан жігіт жол апатына түсті

Атырауда жол апатына түскендер төбелесіп кетті

Талқылау