Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кен орындарын қаншаға сатып алуға болады

Қазақстан тарихында бірінші рет аукцион өтті. Онда елдегі бос кен орындары сатылымға түсті.

ruda

Аукционнан  алтын қор жасырылып жатқан, сирек және түсті металдар мен жартылай бағалы тастар бар жерлер сатылып кетті. Инвесторлар арасындағы «жерасты қоймаларын»  иеленуге құқылы бойынша саудада мемлекеттік қазынаға 1,5 млрд табыс түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі болды. Бұған тау-кен өнеркәсібін дамытуға қаржы салуға дайын инвестор-компаниялар қатысты. Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану құқығының бастапқы бағасы 190 млн теңгені құрады.

Профильді бөлімінде түсіндірілгендей, ең қымбат аукцион лоттар алтын бар жерлер болды. Олар  Қарағанды облысында Мыстөбе 240 млн теңгеге өтсе, тағы сол өңірдегі Наурызбай және Алтынсай  – 280 миллион теңгеге өтті. Сонымен қатар осы ауданда тағы да мыс кендері мен мыс барлау кені 50 және 55 млн теңгге сатып алынды. Инвесторлар арасында Ақмола облысында асыл металл көздерін зерттеуге пайдалану үлкен сұраныс туғызды.

 

Талқылау