Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кемтар жандардың өмірінен сыр шертетін көркем фильм түсірілді

Шікен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қыз бен теңіз» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілімдері аяқталды.

efd2e42fd789ca14a5d40e5ca3d91757_crop_l_38_t_78_w_2670_h_1502

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмнің режиссерлері әрі сценарий авторлары Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қыз бен теңіз» фильмінің негізі өмірден алынған оқиғадан тұрады. Бас кейіпкер қыз Арди мүгедек балалары бар ата-аналар қауымдастығы  оңалту орталығының тәрбиеленушісі Динара Шәріпова.  Ақ жарқын, еңбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет. Фильмдегі бас кейіпкердің есімі Әсел. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру.

«Әлеуметтік фильмдерді түсіруден ұққаным, мүмкіндігі шектеулі жандарға кинематограф арқылы келген арт-терапияның әсері инклюзивті болатынын түсіндім. Әлеуметтік бағытта түсірілген «Быть или не быть?» және «Қыз бен теңіз» жобаларынан кейін біздің «актерлеріміздің» қалай өзгеріп, өздеріне деген сенім пайда болғанын байқадым. Соның арқасында қоғам өміріне именбей араласуға дайын екендері көрініп тұр. Менің өзім балалар үйінде тәрбиеленгендердің бірімін. Маған кезінде өмірге деген құштарлықты үйреткен осы өнер, кинематограф. «Қыз бен теңіз» фильмі көрермендерге мүмкіндігі шектеулі адамдардың қандай қиындықтармен кезігіп, қандай қиындықтарды бастан кешіріп отырғандарын көрсетеді», – деді Азизжан Заиров.

Қазір жоба постпродакшн кезеңінде тұр. Фильмнің түсірілімдері Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердің   барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар. Ал бас кейіпкердің әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова шақырылған.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында тәжік азаматтарының бірі екіншісін пышақтап тастады

Алматыда төбелесті ажыратпай қойған полицей жұмысынан қуылды (видео)

Әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шариповамен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Талқылау