Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 738 теңгені құрады

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда  күнкөрістің ең төмен деңгейінің көрсеткіші қазан айында 25 мың 738 теңгені құрағаны анықталды.

Бұл туралы Stan.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 2,4%-ға артық. Адам басына шаққанда 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 19,6%-ға артқан. Ал былтырғы жылдың соңғы айымен салыстырғанда 9,7%-ға артқанын байқауға болады.

Күнкөріс минимумының қалыптасуында өткен айда ет және балық өнімдерін тұтыну шығынының үлесі 19,6%, ал сүт өнімдері, жеміс-жидектер – 15,8%, май өнімдері мен жұмыртқа – 14,9%, нан және жарма өнімдері – 7,5%, қант, шәй және дәмдеуіштер – 2,2% құрады.


Жіберіп алмаңыз:

Миллиардер Гонконгтағы ғимаратының бір бөлігін 5,2 млрд долларға сатты

Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін

Сарапшылар базардағы қымбатшылықтың себебін түсіндірді

Семейде 45 жастағы азамат пойыз келе жатқанда әдейілеп рельске басын қойған

Талқылау