Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай полицейлердің жалақысы қаншалықты артады

Ішкі істер органдары жаңа Жол картасын іске асыру барысында ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыруды жоспарлап отыр. Үнемделген қаржы есебінен полиция қызметкерлерінің жалақсы көтерілмек. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда қай полицейлердің жалақысы қаншалықты артады

Сүлейменовтің сөзінше, басқарушы қызметтің 450 бірлігі қысқартылып, нәтижесінде бұл ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді.

«Патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға, шұғыл-тергеу бөлімдерінің қызметкерлері үшін 55 пайызға,  учаскелік инспекторлар үшін 25 пайызға және ІІО-ның басқа да қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға артады деп жоспарлануда», – дейді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жалақысын арттыру және әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсарту қызметкерлерді қысқарту арқылы үнемделген 16 млрд теңгеге жуық қаржының және бюджеттен бөлінген қосымша қаржының есебінен жүзеге асырылатынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау