Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кәсіпкерлер үшін мөрдің күші жойылды

Қазақстан мөрді қолданудан бас тартып, кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетті. Енді бизнес иелері барлық келісімдер мен іскерлік кездесулер үшін реквизиттерді тасымалдауға мәжбүр болмайды. Ал, банктер мен мемлекеттік органдар енді олардан реквизит талап етуге құқылы емес, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда кәсіпкерлер үшін мөрдің күші жойылды

«Көптеген құжаттардың барлық бетіне мөр басуға тура келетін кездер жиі болып жатады. Кейде бірнеше құжаттарға мөр қойылмай да қалады. Ал оған мөр басу үшін қайтадан барлық құжаттарды атшабар арқылы тиісті мекемеге қайтару керек. Осылай бұл процесс бірнеше күндерге созылады»,- дейді кәсіпкер Әділхан Сапарғалиев.

Қазіргі уақытта тек шектелген серіктестік қана мөрден бас тарта алады. Енді құжатта компания басшысының қолтаңбасы ғана жеткілікті болмақ. Бұл жаңа жүйе «іскерлік кодекске» түзетулер енгізілгеннен бері, яғни мамыр айынан бастап қолданылып келеді.

Мұның барлығы Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі позициясын көтеру үшін жасалуда. Бірақ іс жүзінде кәсіпкерлердің көпшілігі бұл туралы енді хабардар болып отыр. Және, мөр өндіруші компаниялар әлі де елеулі шығындарға ұшырамаған көрінеді.

«Мөрдің жоқтығы мемлекеттік органдармен, қаржылық ұйымдармен өзара іс-әрекетті айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ, мөр өндірудің өзі қосымша рәсім, қосымша ақшалай шығындар. Бұл 1-2 күндік рәсім, ал оған 5-10 мың теңге шығын кетеді», -дейді  ҚР Әділет министрлігінің бас сарапшысы Гүлмира Ламашарипова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау