Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қарттар үйінде күн кешіп жатқандардың қатары 35 мыңнан асқан

Қазақстанда қарттар үйінде күн кешіп жатқандардың қатары 35 мыңнан асқан. Жылына бір келетін мереке қарсаңында Абай атындағы университеттің жастары да жалғыз қалып, жаны жетімсіреген қарттардың көңілін аулап қайтты.

468988

Фото: obozrevatel.com 
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматыдағы ардагерлер үйін мекен еткен қарттар қазан айын асыға күтеді. Өйткені, ел бойынша атап өтілетін мереке күніндегі іс-шаралар оларды бір сергітіп тастайды. Ал Абай атындағы ұлттық университет филология институтының бір топ студенттері егделікке аяқ басқан жандарға арнап, кеш ұйымдастырып берді. Әуелетіп ән айтып, күмбірлетіп күй тартты. Тіпті бір-бірін биге шақырып жастық шақтарын еске алған қарттардың әрқайсысына сыйлықтар табысталды.

Жіберіп алмаңыз:

Британдық дәрігерлер алғаш рет адамзат баласын АИТВ (ВИЧ) дертінен айықтырды

Қазақстандық банктер несие пайызын төмендетуі мүмкін

Өскеменде оқушы қыз өзіне қол жұмсағысы келетіні жөнінде желідегі парақшасында жазған

Талқылау