Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

ҚР үкіметінің 2018 жылдың 16 қазанындағы №637 қаулысы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелеріне» сәйкес, елімізде ішкі істер департаменттерінің атауы полиция департаменттеріне өзгертілді, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің «Әділет» нормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанда ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарында да аталған өзгеріс орын алды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментіне өзгертілді.

Ішкі істер департаменттерінің атауын өзгерту қазақстандық полицияны реформалау аясында жүзеге асырылып отыр. Бұған дейін, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялағанда полицияның жаңа стандарттарын бекітуді, полицейлер жұмысын бағалау критерийлерін өзгертуді және полиция жұмысын сервистік модельге ауыстыруды тапсырған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау