Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ипотека нарығы 16 млрд теңгеге дейін қысқарды. Нарықтың жалғыз белсенді қатысушысы – ТҮҚЖБ

Қазақстанда тоқыраудан кейін ипотека нарығының көлемі айтарлықтай қысқарып қалды. Ипотекалық несие көлемі бір жылда 16 миллиард теңгеге азайып, қыркүйек айында 885 миллард теңгені құрады.

Нарықтағы белсенділіктің төмендеуі былтырғы жылы да байқалған.

Ипотека нарығындағы жалғыз қатысушы – ТҮҚЖБ. Нарықтың 34%-ы банк атынан берілетін тұрғын үй заемдері.

Бір жыл бұрын ипотека нарығындағы ТҮҚЖБ концентрациясы 32%-ды, ал 5 жыл бұрын – 11%-ды құрады.

2

ТҮҚЖБ-де ипотекаға деген сұраныс несие алушы салымшылар үшін төмен бағада ұсынылады.

Қазір ҚР-да ипотекалық заемдерді 34 банктің 18-і ұсынады. Бір жыл бұрын тұрғын үй несиесін 23 банк ұсынған.

ТҮҚЖБ-нің ең төменгі ипотекалық бағасы – 4%-дан, 7,2% және 7,9%-ға дейін, екінші орында – АТФ – 7,5%-дан басталады. Үшінші орындағы БЦК банкінде – 8,1% пайыздан басталады.

Ипотека бойынша ең ұзақ мерзімді Халық банк (360 айға дейін), ал ТҮҚЖБ (300 айға дейін).

Заемнің ең максималды сомасы 45 млн теңгеден 150 млн теңгеге дейін. Ең көп мөлшере Альфа-Банк – 150 млн теңгеге дейін, ВТБ – 120 млн теңгеге дейін береді.

1

Осы аптада Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ын елдің Baa3 тәуелсіз рейтінгісі деңгейіндегі ұзақ мерзімді несие рейтінгі деп белгіледі.

Қазіргі уақытта ТҮҚЖБ-де 730 мың депозит бар. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында банк жүйесіне 187 мың  жаңа қатысушы енді.

Талқылау