Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “Имам” деп аталатын тегін такси қызметі пайда болды

Қазақстанда “Имам” деп аталатын жаңа тегін такси қызметі басталды. Бұл қызметтің ерекшелігі онда қалалық мешіттерде имам болып жұмыс істейтін адамдар көлік жүргізеді.

ьбьб

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Олар тарауық-намазынан соң үйге қайтатын тұрғындарды тасиды. Рамазан айында мұндай қызметтің керек екенін ертеректе республиканың бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров бірнеше рет айтқан болатын.

Жоба өз бастауын Шығыс Қазақстан облысында алды.

“Тарауық-намаз уақыты кешкі сәтке сәйкес келеді. Көптеген мұсылмандардың таксиге ақша төлеуге мүмкіндігі жете бермейді. Сол себепті бұл идея қасиетті айда керемет сәйкес келіп тұр. Такси өз қызметін бастағалы бері, ерекше танымалдылыққа ие болды. Тіпті тарауық-намазын оқу үшін мешітке келетін адамдар саны да артты”, – дейді “Халифа Алтай” мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхарай.

Талқылау