Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есін жоғалтып алған жас жігіттің туысқандары ізделіп жатыр

Жол апатынан кейін есін жоғалтып алған жас жігіт Алматыдағы №7 қалалық ауруханада жатыр.

88888

Бұл туралы Фейсбук желісінде Бекнұр Қисықов мәлімдеді.

Бекнұр жігітті Сафар Шәкеевті іздеу кезінде тапқан.

“Достар, жетінші ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жігітке кез болдым. Дәрігерлердің айтуынша оны көлік соққан. Жасы шамамен 30-да. Қайдан екенін, үйі қайда екенін де білмейді. Біресе Семейден, біресе Қарағандыданмын дейді. Алматыда ағасы бар екенін де айтады. Жатқанына бір апта болды. Мүмкін оны біреу-міреу танып қалар. Өзін 1983 жылы туған Махмуд Әлиев деп айтты”, – деп жазды Қисықов.

Ал Сафар Шәкеевті іздеу жұмыстары әлі күнге ешқандай нәтиже берген жоқ. Қазақстандық танымал компазитор Еркеш Шәкеевтің ұлы 16 шілде күні таңертең Алматы қаласында жоғалып кеткен болатын. Жақында Еркеш Шәкеев ұлының жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Талқылау