Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ерлер әйелдерден гөрі 9 жылға аз өмір сүреді

Соңғы зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда ер адамдардың әйелдерден гөрі 9 жыл аз өмір сүретіні анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сурет: Ziyatker-on

“Қоғамдық денсаулық сақтау деген – жеке адамның емес, халықтық ауқымды шараларды қамту. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басты мақсаты – Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру. Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 8,5 жылға қысқа. Бұл елімізде орташа есеппен адам 72 жыл өмір сүреді деген сөз. Ал Еуропада адамдар орташа есеппен 80,6 жыл өмір сүреді. Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда 9 жыл аз өмір сүреді. Алғашқыларының өмір сүру жасы – 67,5  жыл, ал әйелдердікі – 76,5 жыл”, – дейді Айнұр Айыпханова.

Маманның айтуынша, бұған инфекциялық емес ауру түрлерінің көбеюі себеп болып отыр. “Мысалы, қант диабеті, қан қысымы, созылмалы аурулар – адамдардың өміріне қауіп төндіретін негізгі сырқаттар. Мұнымен қатар, Қазақстанда 15-29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен ересек адамдар жол апатына жиі ұшырап, өздеріне қол жұмсайды. Осы себептердің салдарынан елімізде тұрғындардың өмір сүру жасы қысқа”, – дейді Айнұр ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық дәрігерлер сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Ақтөбелік ата-ана: Қыздарымның басы биттеп кеткен соң орамал тақтық, қажет болса бүгін-ақ шешіп тастаймыз

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Талқылау