Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең жоғарғы жалақыға кімдер үміткер екені анықталды

HeadHunter Қазақстан зерттеу қызметінің мамандары 660 мыңнан астам түйіндемеге анализ жасап, еліміздегі ең үлкен айлыққа кімдер лайықты деген сауалға жауап іздепті.

Безымянный

Сурет vistanews.ru

Сарапшылардың ақпараты бойынша 3 миллион теңгеден жоғары жалақыны талап ететіндер – топ-менеджмент, бухгалтерия, сатылым, шикізат, ақпараттық технологиялар және өндіріс саласында істейтіндер екен. Бұл ретте 10-20 мың доллар аралығындағы тұрақты айлыққа қаржылық, басқарушылық саладағылар, бас директорлар үмітті.

“Бұл өз ісін білетін кәсіби мамандар басшылық қызметтерде отырады. Олар шет тілдерін меңгерген, шетелдік компанияларда істеген тәжірибесі бар; орта жасы – 35-50 жас, 63 пайызы – ер адамдар, 75 пайызы өз суреттерін ілмейді. “Қымбат тұратын” үміткерлер бірінші кезекте – жобаны басқару, келіссөз жүргізу, ұйымдастырушылық шараларды атқарғанды жөн көреді”, – дейді HeadHunter Қазақстан компаниясының бас директоры Нина Быченко.

Жоғарғы жалақыны Астана мен Атырауда шикізат (200 150 теңге) пен құрылыс (150 108 теңге) саласында ұсынады екен. Сондай-ақ, Қазақстанда ірі және орта кәсіпорындарда жаңа қызметкерлерді алу осы жылы 36 пайызға қысқарған. Бос орындар да екі пайызға азайыпты.

Ертеректе, Қазақстанның кез-келген аймағындағы жалақы көлемінің 2015 жылғы инфляция деңгейіне жете алмағаны айтылған еді. Сарапшылар 2015 жылдың төртінші кварталында еліміздегі орташа жалақы 136,1 мың теңгені құраған.

Талқылау