Қазақстанда ең бай адамдар Алматы мен Астанада тұрады

Сейсенбі, 3 Мамыр , 2016 22:59

Дүние-мүлікті заңдастыру науқаны аясында қос өңірдің тұрғындары қолдарындағы 552 миллионнан астам теңгені тіркеп, көш бастап келеді, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

0f8d81c60c8736e047dca15cadb

Фото: kapital.kz

Қызылорда мен Маңғыстауда небары екі-үш адам ғана мүлкін заңдастыру туралы өтініш жазған. Жалпы, екі жылдың ішінде еліміз бойынша тұрғындар 910 банктік шот ашып, 590 миллиард теңгені заңдастырған.

Ұлттық банктегілердің мәліметінше, ақшаны бес жыл міндетті түрде шотта сақтау және оны қолма-қол шешіп аларда мемлекетке 10 пайыз жарна төлеу туралы талап алынғалы, жұрттың заңдастыруға деген қызығушылығы бірден артқан. Ақшадан бөлек тұрғын үй, түрлі ғимарат пен коммерциялық нысан және құнды қағаздарын заңдастырып жатыр.

“Дамыған елдер, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Еуропадан бар. Негізі көбінесе Ресей мен Өзбекстанның шекараларының қасында. Үй алғандар бар, әртүрлі, кейбірінің бизнестері бар. Бәріне рақымшылық береміз. Арықарай одан ешқандай сұраныс болмайды”, – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Нұршат Сәрсенбаев.

Осы уақытқа дейін 637 миллиард теңгенің дүниесі мемлекет есебіне алынған. Байлығын шетелдерде жинаған миллионерлер де бұл науқанды пайдаланып  зәулім үй, жер, бизнес, құнды қағаздарын заңдастырып алуда.


Оқи отырыңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар