Қазақстанда еліміздің туы бейнеленген көз линзалары шығарылды

Жұма, 5 Тамыз , 2016 17:27

Елімізде мемлекеттік ту бейнеленген линзалар сатылымға шығарыла бастаған.

df5a6558-a41b-4e4e-a1ff-36cb57349ee2

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Мұндай линзалар арнайы тапсырыс бойынша Оңтүстік Кореяда жасалыпты. Жобаны құрастыру мен өнімді дайындауға жарты жыл уақыт жұмсалған. Қазақстанда мұндай ерекше зат бірінші рет пайда болып отыр. Өнертабыс авторының айтуынша мұндай линзаларды кез-келген жастағы қазақстандықтар тұтына алады екен.

“Қазақстан туы бар жанаспалы линзалар – бұл спорттың нағыз патриоттарының көптен күткені десе болады. Біз каталогты ақтарып бұған дейін де мемлекет туы жапсырылған линзаларды қарап шықтық. Жыл сайын спортқа деген махаббат артып келе жатқан соң, мұндай өнім біздің нарыққа да керек деген шешімге келдік. Қазақстан бүгінде жақсы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізіп, халықаралық аренада мойындата бастады. Соған сәйкес жанкүйерлердің де қарасы көп. Біздің өніміміз сол себепті жасап шығарылды”, – деді Әнуар Асылбеков.

Еске сала кетсек, бүгін 5 тамыз күні Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының ашылуы өтеді. Сайыстарды арналары көрсетеді. Еліміздің атынан 25 спорт түрі бойынша сынға түсетін 104 спортшы аттанды.

Бұған дейін біздің боксшылардың алғашқы қарсыластары жәнедзюдошыларымыздың алғашқы кездесулері туралы жарияланған. Ал “Қазақстан” және “Kazsport” телеарналарынанолимпиада ойындарының көрсетілімдерін тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бари бекерго козге кери асер тигезеди табиги нарсе емес

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар