Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда екі педофилге химиялық кастрация жасалмайды

Қазақстан тарихындағы алғашқы химиялық кастрация жасалмай қалды. Түркістан облысындағы екі азғын жазаны былтыр тартуы керек еді. Осы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Мұқан Егізбаев брифинг кезінде тілшілерге берді. Бұл туралы “Астана” арнасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды

Мемлекет бір педофилді кастрациялау үшін қанша қаражат жұмсайтыны анықталды

Аудандық сотта іске қатысты қосымша ақпарат белігілі болды. Анықталғандай, ер адамдар кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды зорлағандары үшін Төлеби аудандық сотында сотталған екен. Оларға түрмеде өтелетін мерзім белгіленіп, сексуалды құмарлықты жоятын преппараттарды қабылдау бұйырылған. Сотталғандар сот шешіміне шағым түсірмек болған.

Сондықтан оларға кастрация процедурасын жасату уақытша кейінге қалдырылған. Қазір олардың ісін аппеляциялық алқа қарастырып жатыр. Сот сол жерде нақты шешім қабылданатынын мәлімдеді.

“Осы жағдайда біздің сотталушылар ескі Кодекстегі бабпен сотталды. Қазір химиялық кастрация жаңа Заңмен қарастырылған. Жаңа Заңның бұрынғымен сотталғандарға үкімі жүрмейді. Сондықтан біз осыны негізге алып, екі сотталушыға химиялық кастрацияны жасату туралы ұсынысты қанағаттандырмадық”, — дейді Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының судьясы Нұрмахан Жорабеков.

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау