Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда допинг үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Мәдениет және спорт министрлігі допинг үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасын реттеуді ұсынды.

929260

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

“Біз қазір заңды қатайтуды жоспарлап отырмыз. Мұны парламент арқылы “Дене мәдениеті және спорт туралы” заңға өзгертулер енгізу арқылы жасамақпыз. Ол жағдайда допинг қабылдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Препараттарды пайдаланғаны үшін дәрігер, бапкер, басқа да қатысы бар адамдар жауап береді”, – деді министр орынбасары Сәкен Мұсайбеков.

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет – Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедованың допингпен ұсталып, 2012 жылы Лондон олимпиадасында алған алтын жүлделерінен айырылғаны туралы ресми хабарлаған еді.

Кейінірек министрлік аталмыш спортшылардың алтын жүлде үшін алған мемлекеттік сыйақыларын қайтармайтынын да мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Шетелдік БАҚ Жәнібек Әлімханұлына Головкиннің ізбасары деген баға берді

Баян Мақсатқызының қорғаушылары соттан Бақытбек Есентаевты ақтауды сұрап жатыр

Кез-келген жағдайда жөтелді қалай емдеуге болмайды?

Достық жайлы өлең оқыған Артур Төлепов қыздарды өзіне ғашық ете түсті (видео)

Талқылау