Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері күрт жылынады

Ауа райының күрт ауытқуы – мамыр айының ерекшелігі болмақ. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7…15°С болады деп күтілуде.

14683948047x89p_1000x768

Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.

Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1…3º дейін төмендеп аяз болады.

Еуропалық Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр шақырып, кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ, қатты екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда.

Оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, осы кезеңнің нормасына жуық және жоғары болады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

EXPO-2017 билеттерін қалай тегін алуға болады?

Атырау облысында “халық емшісіне” емделген әйел бірден көз жұмды

СҚО-да бұрын бір адамды құтқарып қалған қыздың жасырын адам өлтіргені анықталды

20 жасында Apple компаниясына шақырту алған қазақ жігітінің қайғылы тағдыры

Талқылау