Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері 42 градус ыстық күтілуде

Синоптиктер 6-8 тамыз аралығында Қазақстандағы ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі деп болжауда.

13174

“Казгидрометтің” хабарлауынша, антициклон республиканың көп бөлігінде ауа райының ашық болуына жағдай жасайды. Артынша батыс бөліктен таралған ыстық барлық қалаға жайылады.

“Батыстағы максималды температура – 32-42 градус, оңтүстік-шығыста – 28-37 градус, ал қалған аймақта – 25-35 градус. Тек солтүстік аймақта жауын-шашын болып, ауа райы бұзылуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Талқылау