Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда демалатын жерлер өте көп, бірақ онда баратындар аз (фото)

Қазақстан – табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке.

демалыс4

Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы… Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді тізіп шығар болсақ, жетерлік. Бірақ, осы орталықтарды елеп – ескеріп жатқандар саусақпен санарлық.

 

демалыс

Жоңғар Алатауының баурайындағы Жаркент қаласының маңында орналасқан «Жаркент-Арасан» шипа жайына да талай адам жылдар бойы күрескен дертінен айыққан. Еліміздің түкпір-түкпірінен демалушылар ағылып келіп жатыр. Барлығының мақсаты «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» болса керек.

 

демалыс1

Мұнда жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол екен. Түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларға, буын, созылмалы, қан қысымының көтерілуі мен ер азаматтардың бел қуатын балшықпен емдейді.

демалыс2

Бүгінде жасыратыны жоқ отандық туризм дамымай келеді. Оның бірден-бір себебі, миллиондаған отандастарымыз шетелге барып демалады. Шындығын айтқанда ел қазынасына түсетін қаражатты өзге мемлекетке шашамыз. Мысалға, Азия мен Еуропаның белді мемлекеттеріне.

демалыс3

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

 

Талқылау