Қазақстанда декреттік төлемдерді рәсімдеу жеңілдетілді

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 16:26

Бала тууына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге қажетті құжаттар саны азайтылды. Бұндай нәтижеге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізілді.

әйелдер

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Енді өтініш беретін кезде болашақ аналарға жұмыстан соңғы 12 айдағы кірістері туралы анықтаманы әкеліп әуре болмайды. Тек жеке куәлік, аурухана парағын және банк есепшотын ұсынса болғаны. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге салық бойынша салыстыру актісі мен Жеке кәсіпкерлік туралы куәлікті ұсынулары тиіс, деп жазады «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

«Бұрын мемкорпорация қызметкерлері автоматтандырылған ақпараттық жүйеде әлеуметтік салым аударымдары туралы ақпаратты жұмыс орнынан берілген анықтамамен салыстыратын, егер сәйкес келмесе, өтініш берушіге құжаттарын қайтарып, қайтадан нақтылауын сұрайтын еді», – дейді «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтары дирекциясы басшысының орынбасары Серікқан Сабыржанов.

«Қазір өзгерістердің арқасында декреттік төлемдер әлеуметтік салымдардың қолда бар сомасы бойынша анықталады. Айта кету керек, декреттік төлемдердің көлемі тікелей жұмыс берушіге, оның әлеуметтік салымдарды дер уақытында, дұрыс көлемде аударуына байланысты», – деді ол.

Декреттік төлемдерден тыс, зейнетақы мен өзге әлеуметтік төлемдер туралы туындаған қосымша сұрақтарды 1411 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Жыл басынан бері мемлекеттік корпорацияға декреттік төлемдер бойынша 97,5 мың өтініш келіп түскен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Менің шыққаны ма бір ай болып қалады зейнетақының жөнді аударуына байланысты бір,екі ай күтесіне дейді не істес ем болады

  • Сыздықұлы Ринат says:

    бас кеспек болса да , тіл кеспек жоқ ағайын

  • Сыздықұлы Ринат says:

    қалай туады 400-500 километрдегі азаматшалар ше роддомға жете алмай жолда босанып қалып жатқандарда аз емес, оданда ауыл аймақтарға баяғы рұқсаттарын берсінда , қайдағы ақшаны алу үшін жеңілдеттік деп мақтанбай, жеңілдет ауылында босанғанда жақын ағайындарының қасында, қайдағы алыс танысы жоқ және бір біріне жыллы қабағы жоқ дәрігерлердың ортасы қалаға барып қинап қоймаймай, МІНЕ ОСЫНЫ ЖӨНДЕП БАРЫП МАҚТАНҒАЙ

  • Анонимно says:

    Бiр жаксы игi бастама екен! Ендi Алла буйыртса, бала туа беру керек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар