Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін

Қазақстанда дәрі арзандауы мүмкін. Себебі нарыққа Армения қосылады. Еуразиялық одақ аясында дәрі-дәрмек саудалау туралы келісімнен кейін елдегі бәсекелестік артады, сәйкесінше отандық фирмалар дәрі бағасын түсіруге мәжбүр болмақ.

23-11-2015-kyzylorda-02

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

“Баға төмендеуі туралы, иә, дәрі арзандауы мүмкін. Себебі мына келісімге қол қойылғаннан кейін елімізге дәрі тасушы фирмалар саны артады. Сондай-ақ біздің отандық фармацевттер өз өнімдерін Ресей, Армения мен Белорусь елдеріне шығара алады. Тек қажетті халықаралық сертификат болуы тиіс. Ол қазір 52 дәрі өндірушінің 9-ында бар”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Алайда шет елден ағылған дәрі отандық өнімді тұншықтырып отыр деп алаңдаған депутаттар министрден есеп талап етті. Қанша сомаға еліміз импорттық дәрілер енгізетінін білгісі келген мәжілісмендер дәріхана сөресі шетелдің дәрісіне толып тұр дейді. Сондай-ақ дәріханалардағы былықты айтқан депутаттарға министр сандармен жауап берді.

Айтуынша, өкімет мемлекеттік сатып алу арқылы  алатын 9 мыңнан астам дәрі түрінің 75 пайызын алдымен отандық өндірушілерден алады. Жалпы ем-домға қажет препараттар жыл сайын 117 миллиард теңгеге сатып алынады екен.


Оқи отырыңыз:

Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмек сатқан компанияға айыппұл салынды

Алматыда тілшілер араласқан соң тегін дәрі-дәрмек таратылды

 

Талқылау