Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандамақ

Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ фармокологиялық нарық қалыптасқан соң елімізде дәрі-дәрмек арзандауы мүмкін.

VST_0017-2

Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.

Алматыда өткен халықаралық дәрі-дәрмек нарығын бақылауға арналған конференцияда осындай тұжырым жасалды. Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения мен Белорусьтен келген фармацевт мамандар қатысты. Жаңа тәртіп бойынша дәрі-дәрмектерді тіркеу Қырғызстан тарапы келісімшартқа қол қойған соң басталады.

Қазір ел нарығында 7 мың түрлі препарат бар. Солардың тек 17 пайызы ғана отандық өнім.

“Ортақ фармацевтикалық нарық қалыптастырған кезде біз қазіргідей 17 млн емес, 185 млн халықты қамтимыз. Бұл жағдай дәрі өндірушілердің кәсібіне қолайлы. Бағасы да қолжетімді, арзан болады деп ойлаймын”, – дейді халықаралық дәрі-дәрмек өндірушілер қауымдастығының төрағасы Вячеслав Локшин.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер: Адамның оң жақпен және шалқасынан жатып ұйықтауы денсаулығына зиян

Ғалымдар жалқаулықтың жұғатынын дәлелдеді

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Талқылау