Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ әйел ресейліктерді қамшымен емдеген

Федералды қауіпсіздік қызметкерлері Орынборда «емдік садизм» сектасының орталығын бұзды. Оны Қазақстанда дүниеге келіп, қазірде Ресейдің Соль-Илецк қаласында тұратын Жұмағыз Кичеганова құрған. «Ата жолы» «діни» қауымдастығы (Қазақстанда «Орда» атауымен танымал) адамдарды қамшының көмегімен емдеген.

5afc5470bab59fd5d704c3158e767f98

Орынборда арнайы операциялар қатарынан бес мекен-жай бойынша жүргізілді. Айтпақшы, жуырда Уфада да «емдік садизмнің» бір орталығы жабылған еді, деп хабарлады Экспресс К.

Дәл қазір Жұмағыз Кичеганова қамауда. Ол адам өмірінің қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткені үшін және зорлық әрекеттерін қолданатын діни бірлестік құрғаны үшін айыпталып отыр.

Тергеушілердің бір нұсқасы бойынша, Жұмағыз Кичеганова мен оның қасындағылар науқас адамдарды алдап шақырған. Адамдар ата-бабаларына табынып, қамшының астына алынған. Одан бөлек, пациенттерге Қазақстанның әулие жерлерін ақыға аралау ұсынылған. Науқастарға ресми медициналық мекемелерге жүгінбеуге және дәрі-дәрмек қабылдамауға кеңес берілген. Мұндай сеанстар үшін емделушілер өз қалаулары бойынша әртүрлі көлемде ақы төлеген.

Орынбор облыстық прокуратурасы «Ата жолы» сектасына мыңға жуық адамның тартылғанын анықтады. Бірлестіктің әрбір жаңа қатысушысы өз артынан адам ертіп келуге міндеттелген. Жұмағыз Кичеганова «дарынды» адамдарды таңдап, оларға емдеу құқығын беріп отырған. Мамандардың қорытындысы бойынша, «Ата жолы» сектасының жоралғылары психотехнологияның, сана-сезімді басқару және қорқыту амалдарын қолданған.

Жіберіп алмаңыз: 

Ата-анасы бір жыл бұрын жоғалған қызды діни ағымға кіріп кеткен деп күдіктенеді

Жат ағымдағыларды жаппай жұмысқа тұрғызу науқаны басталды

Ақтөбеде 200-ден астам радикалдық ағым жетегіндегілер дәстүрлі исламға бет бұрды

ІІМ: Алматыны жалғыз өзі қанға бөктірген қанішер салафизм ағымының мүшелерімен байланыста болған

Талқылау