Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған би жарысы өтеді

Қазақстанда әйгілі “Эндемол” компаниясы би байқауын өткізуге келісімін берді. Аталған байқау халықаралық би жарысының Орта Азия аумағындағы алғашқы нұсқасы болмақ.

image

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Бағдарлама Қытай, Аустралия, Ұлыбритания сынды әлемнің 37 елінде көрсетіліп, ең жоғарғы рейтингтерге ие болған. Ал елімізде өтетін би жарысына 10 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады. “Басты талап – жеңіске деген ұмтылыс пен өнерге құштарлық”, – дейді ұйымдастырушылар.

“Бұл жобаның пайдасы зор. Өйткені біздің елде бимен айналысатын әртүрлі қалаларда, аудандарда, бидің түрлі жанрын меңгерген талантты жастар өте көп. Біз осы отандық би қозғалысын дамытамыз деген мақсат қойып отырмыз және жобаның басты мақсаты ол салауатты өмір салтын, спорт, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау”, – дейді “Хабар” арнасының директоры Ринат Кертаев.

Кастинг “Биле, Казахстан!” Не надо слов… Не надо сомнений… Просто танцуй… Грандиозная премьера самого популярного танцевального проекта мира в Казахстане! “Биле, Казахстан!” приглашает на кастинг! Не упусти шанс стать танцором “НОМЕР ОДИН” в стране! Приходи на кастинг “Биле, Казахстан!” АСТАНА 23-24 июля, АЛМАТЫ 30-31 июля с 8.00 утра до 21.00. А город, в котором пройдет кастинг 6-7 августа ВЫБИРАЕШЬ ТЫ! Подробности по телефону: +7707 802 02 17 и на официальном сайте: www.bile.khabar.kz #bilekz #билекз @bile.kazakhstan @khabartv #khabartv #xабартв

Видео опубликовано Dastan Orazbekov (@dastanello)

“Биле, Қазақстан!” жобасына қатысушыларға әйгілі бишілер баға береді. Қазылар алқасының құрамына шетелден арнайы маман шақыртылған. Байқау қатысушылары төрешілердің назарына түрлі жанрдағы билерді ұсынады. Жарысқа сондай-ақ таяу және алыс шет елдерінің өкілдері үшін де есік ашық.

“Азаматтар, азаматшалар өзінің биінің қаншалықты шыныққанын жалғыз ғана өзінің туған-туыстарына емес, жалпы елге де көрсете алады. Оның ішінде балеттен бастап хип-хоппен аяқтауға болады. Жалпы егер адамның өзінің бойында бір жаңа ойлап тапқан биі болса, оны да көрсетуге болады.

Қазақстан бойынша бұл байқауға іріктеу кезеңдері Астанада шілденің 23-і мен 24-і аралығында, ал Алматыда 30-шы және 31-ші шілдеде өтеді. Естеріңізге салайық, “Биле, Қазақстан!” шоуы арнаның эфирінен күзгі телевизиялық маусымның басында көрсетілетін болады”, – дейді қазылар алқасының мүшесі Дастан Оразбеков.


Жіберіп алмаңыз:

Мадина Сәдуақасова жаңа бейнебаянында алғаш рет биледі (видео)

Қостанайлық теміржолшылар жолаушылар алдында биледі (фото)

Қазақстандық әнші тыңдармандарына арнап стриптиз биледі (видео)

«ВИА Гра» тобының әншісі сахнаға іш киімсіз шығып биледі (видео)

Талқылау