Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бұдан былай антибиотиктер дәрігердің қағазынсыз сатылмайды

Бұл әр бір үшінші азаматтың денсаулығына төніп тұрған қатердің алдын алады екен. Себебі, былтырғы жылдың болжалды есебі бойынша әр бір үшінші азамат өзін өзі емдеуді әдетке айналдырған.

1345623601_gipertoniya

Бұл туралы “Еуразия” Бірінші арнасы хабарлайды.

Тек бұл емес, алдағы уақытта Қазақстанда еркін сатыла беретін дәрілердің қатары тағы да қысқартылмақ. Мұндай тәртіпті елдің денсаулық сақтау министрлері ұсынған.

«Бұл жерде тек дәрігердің емес, әр азаматтың, дәріхананың жауапкершілігі болуы керек. Азаматтарға өзін-өзі емдеудің дұрыс еместігін үйретуіміз керек. Халық бірден шошып түспес үшін мұндай емнің адам денсаулығына қауіпті екенін айта жүру керек»,-деді Астанадағы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Жанат Төребекова.

Яғни, бүгіннен бастап дәрігерлер тек тексеруден өткен азаматтарға ғана алуы керек дәрінің тізімін жазып береді. Дәріханадағылар қазірден әр бір тұтынушыға келесі жолы дәрігердің қағазынсыз дәрі берілмейтінін ескертіп отыруы тиіс.

Қазір кез келген адам антибиотиктер арқылы қарапайым тұмау тағы басқа ауруларды емдеп жазуға сенімді. Дәрігерлер емделмес бұрын аурудың неден пайда болғанын анықтап алуды ұсынады.Әрине ол үшін дәрігердің тексеруінде болу керек. Егерде сіз қандай да бір вирусты жұқтырып антибиотик қабылдайтын болсаңыз ол дертіңізді қайта асқындыра түседі. Тіпті өлімге апаруы да ықтимал.

« жақында бір келіншек суықтағаны үшін өз бетімен антибиотик қабылдаған. Өз бетімен сол антибиотиктің екінші бір түріне ауысқан. Дәрі жақпаған жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Мұндайда адам өліп кетуі де мүмкін. Бұл бір ғана жағдай емес. Көптеп кездеседі. Әсіресе мұндай тәуекелді балалар ауырғанда жасаудың керегі жоқ»,- дейді Астанадағы дәрі-дәрмек сараптама орталығының басшысы Лариса Макалкина

Дәрігерлер науқастанған жағдайда маманның айтуымен емделуді бала кезден әдетке айналдыру керектігін айтады. Оқушыларға себепті-себепсіз, келсін-келмесін антибиотикпен емделудің салдарынан асқазан-ішек ауруларының пайда болатынын түсіндіру керек. Дәріні шектен тыс қолдану қан құрамын бұзып,имундық жүйені әлсіретеді. Сондай-ақ, бір антибиотикпен емделу адам ағзасын тәуелділікке үйретіп тастайды. Болмаса келесі жолы одан күштірек дәрі болмаса, әсерін сезбей қалуы мүмкін.

Талқылау