Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 88 шетелдік арна хабар таратуын тоқтатты

Елімізде тіркеуде тұрған 88 шетелдік арна хабар таратпайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

2017 жылы «Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізілді.

Өзгеріске сәйкес, 2018 жылдың 9 қаңтарынан бастап 9 шілдеге дейін шетелдік арналар Қазақстан аумағында заңды тұлғаны немесе өз филлиалын ашуға міндеттелді.

Осы уақыт аралығында тіркелмеген бірқатар арнаның куәлігі қайтарылып, хабар таратуын тоқтатты.

Қазір 307 шетелдік теле-радио арна тіркелген. Олардың 219-ы елімізде өкілдігін ашты. Қалған 88 арнаға енді тыйым салынды. Олар елімізде хабар тарату үшін өкілдігін ашып, қайта тіркелуі керек.

Елімізде хабар таратуын тоқтатқан шетелдік арналар тізімі:

Киносоюз

НТВ-ПЛЮС 3D

КИНОЛЮКС

HD Кино 2

СПАС

MUSICBOX

RUSSIAN MUSICBOX

RU.TV

Amazing LIFE

Радость моя

Дождь

Стайл (Styletv)

Fashion TV

Fashion TV HD»

Ля-минор ТВ

Бридж ТВ

RTG TV, Russian Travel Guide

РУСОНГ ТВ/RUSONG TV

Russia Today TV

RT Documentary/ Деректі телеарна

Знание

ЮМОР BOX

ЕДА

World Business Channel

Первый Интернет Канал

VIP TV

Бойцовский клуб

Luxury World

ТОЧКА ТВ

Nautical Channel (Морской)

TOPSHOP TV

(Russian Extreme TV) жоғарғы (HD) форматында

Ювелирочка

Театр

ДЭНЖ ТВ/ DANGE TV

Нано-ТВ (Nano-TV)

БУЛАТ

ТРО

Улыбка ребенка

Телерадиосеть Благих Новостей

Джей Си Ти Ви

Кто есть кто

Первый образовательный

Парк развлечений

Боец

Всегда с тобой

Дамский клуб

Футбол

Русское экстремальное телевидение

Спорт 2

АйДи Фешн

Спорт 1

1+1 International

Интер плюс (Интер+)

Universal Channel

Diva Universal

Chasse et Peche

Е!

Travel Channel

Travel Channel HD

ИЭСПИЭН Классик Спорт

Sky News

Sky News HD

Baby TV

Outdoor Channel HD

Fine Living/Файн Ливинг

Fox News Channel

Fox Business Network

Bloomberg Television

24 Kitchen

24 KitchenHD

MOTORS TV

MyZen.TV HD

France 24

TV5MONDE Asie

TRACE URBAN

TRACE SPORTS

«Грозный» Шешенстан мемлекеттік телерадио арнасы

АТВ

LUXE TV HD

CNBC

AlmaSport

Food Network SD

Food Network HD

Food Living Network HD

Дағыстанның спутниктік телеарнасы

KBS World

THT-Comedy

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау