Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бірнеше банк бірігуі мүмкін

Еліміздегі екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының тағдырына Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі алаңдап отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

4aae2349e344be34bc3e35768ad

Сондықтан президент акционерлерге шұғыл қосымша қаржы тартуға кеңес берді. Және қиындыққа төтеп бере алмаған банктер бірігуге де дайын болуы тиіс.

Сондай-ақ, Елбасы Ұлттық банк төрағасы мен Үкімет мүшелеріне тұрғындардың ипотекалық қарызына қатысты мәселені де шешіп беруді тапсырды. Яғни, Данияр Ақышев пен министрлер кабинеті азаматтар қайтара алмай жүрген ипотекалық және ақшалай несиелерді қайта қаржыландырудың жолдарын ұсынуы тиіс.

Назарбаев қаржы саласына төніп тұрған қауіп-қатердің барын да жасырмады. Бұл тұрғыдан Ұлттық банктің жауапкершілігі жоғары. Ал әзірге Данияр Ақышевтың баяндамасы оптимизмге толы. Бас банкирдің айтуынша, еліміздегі инфляция қазір 7,7 пайызға жеткен, ол жыл соңында тіпті, 7 пайызға дейін төмендейді екен. Шетелден келген инвестиция көлемі рекордтық деңгей – 14 миллиард долларға жетіпті.

Оқи отырыңыз:

«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылмақ

Елімізде әуебилеттерінің бағасы арзандайды

Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардан қой еті мен шай алынып тасталды

Талқылау