Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіпке қарсы жүйе енгізілді

Қазақстанда 40 күнге дейін террорлық қауіптің «сары» жүйесін енгізді. Бұл туралы Жамбыл облысы ҰҚКД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Безымянный

Қазақстанның барлық аумағында 40 күнге дейін террорлық қауіптің «сары» жүйесін енгізді.

«Болып жатқан жағдайға сәйкес, республикалық терроризммен күрес жедел штабының жетекшісі Жұмақановтың басшылығымен Ақпараттандыру ережесінің 4 тармағына сәйкес террорлық әрекет болу қаупі бар Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, СҚО мен ОҚО облыстарында, Астана мен Алматы қаласында 40 күнге дейін террорлық қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҰҚКД қазақстандықтарды қырағы болуға, сөмке, қорап, мөшек, чемодан секілді заттарға, әсіресе тоқ, техникалық құрылғылар мен қоғамдық орындардағы күдік туғызған адамдарға назар салып жүруге шақырды.

Департаментте күдік туғызған затқа жақындамауға кеңес беріледі. Сондай-ақ, танымайтын адамдардан күдік туғызған заттарды тасымалдамауға кеңес берді.

«Құқық қорғау органдарыныың қызметіне түсіністікпен қарап, тексеріс кезінде құжаттарыңызды берулеріңізді, оларға осылай көмек көрсетуіңізді сұраймыз», – дейді ҰҚКД.

Сонымен қатар үрейге бой алдырмай, мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сүйенуге кеңес береді.

Талқылау