Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіпке қарсы жүйе енгізілді

Дүйсенбі, 6 Маусым , 2016 18:27

Қазақстанда 40 күнге дейін террорлық қауіптің «сары» жүйесін енгізді. Бұл туралы Жамбыл облысы ҰҚКД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Безымянный

Қазақстанның барлық аумағында 40 күнге дейін террорлық қауіптің «сары» жүйесін енгізді.

«Болып жатқан жағдайға сәйкес, республикалық терроризммен күрес жедел штабының жетекшісі Жұмақановтың басшылығымен Ақпараттандыру ережесінің 4 тармағына сәйкес террорлық әрекет болу қаупі бар Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, СҚО мен ОҚО облыстарында, Астана мен Алматы қаласында 40 күнге дейін террорлық қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҰҚКД қазақстандықтарды қырағы болуға, сөмке, қорап, мөшек, чемодан секілді заттарға, әсіресе тоқ, техникалық құрылғылар мен қоғамдық орындардағы күдік туғызған адамдарға назар салып жүруге шақырды.

Департаментте күдік туғызған затқа жақындамауға кеңес беріледі. Сондай-ақ, танымайтын адамдардан күдік туғызған заттарды тасымалдамауға кеңес берді.

«Құқық қорғау органдарыныың қызметіне түсіністікпен қарап, тексеріс кезінде құжаттарыңызды берулеріңізді, оларға осылай көмек көрсетуіңізді сұраймыз», – дейді ҰҚКД.

Сонымен қатар үрейге бой алдырмай, мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сүйенуге кеңес береді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Данияр says:

    Бәріміз бір адамдай құқық қорғау органдарына болсын, полицияға болсын көмек көрсету керекпіз, адам көп шоғырланған жерден аулақ болыңыздар, күдік туғызатын нәрсе байқасаңыз бірден полицияға хабарласыңы

  • Разия says:

    Нам надо с пониманием отнестись к данной ситуации и не создавать панику, наоборот содействовать сотрудникам правоохранительных органов

  • Сандугаш says:

    Обращайте внимание на странные предметы, сейчас мы должны держаться вместе и помогать полицейским, если что то заметили неладное сразу звоните в полицию, это для нашей же безопасности

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар