Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда билікті басып алмақ болды деген күдікке ілінгендер кімдер?

Тоқтар Төлешовтың сыбайластары деген күдікпен, уақытша тергеу абақтысына жабылған азаматтардың кім екенін білесіз бе? Олардың барлығы дерлік Қазақстан ІІМ-не қарасты лауазымды қызметте болған азаматтар. Stan.kz сайты bnews.kz-ке сілтеме жасай отырып назарларыңызға  уақытша тергеу абақтысына жабылған азаматтар жайлы толық ақпарат ұсынады.

тулешов

Бақытбаев Ильяс  Жақыпбекұлы. Заң ғылымдарының докторы, «Құрмет» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы

прокуратурасының құрметті қызметкері, мемлекеттің  екінші дәрежедегі әділет кеңесшісі.

ильяс

1948 жылы дүниеге келген, 1977 жылы  Киров атындағы Қаз МУ-дың заң факультеті дипломын алған. 1982 жылы Алматыдағы Әуезов ауданының прокуратурасында жұмыс істеген. Алғашында сынақ мерзімінен өткен, кейіннен прокурордың көмекшісі болған, осыдан кейін аға тергеуші қызметіне жайғасқан.

1982 жылы  Алматыдағы Әуезов ауданына халықтық  судья болып сайланды. 1991 жылы Бақытбаев Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды. Осы қызметте алты ай отырғаннан кейін облыс прокуроры болып тағайындалды. 1994 жылы  наурызда  Бас прокурордың бірінші орынбасары болды.

1997жыл мен 2003 жылдар аралығында  Қостанай облысының, ОҚО прокуроры болып жұмыс істеген. 2003 жылы қайтадан Қазақстанның Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол жерде 2008 жылдың 22-ші  ақпанына дейін жұмыс істеген. 2008 жылдың 5-ші наурызында Қазақстан Республикасының конституциясы кеңесінің мүшесі болып тағайындалған.

Досқалиев  Хибратулла Ермекұлы. Полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

Ол 1955 жылы 16-шы  тамызында  Астрахан  облысына қарасты  Затон Казымякск ауылында туған.

1995 жылы  қылмыстық істер бойынша  басқарма басшысының орынбасары қызметіне отырған. Кейінрек Маңғыстау облысының ІІД 4-ші бөлімін басқарды. Кейіннен Маңғыстау облысы ІІД басшысының орынбасары, артынша осы облыстағы ІІД-ді басқарды.

1995-1997 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша  Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасын басқарды. 1997-1999 жылдары  Маңғыстау облысы  ІІД басқарды. 1999-2002 жылдары  ІІМ-не қарасты қоғамдық қауіпсіздікті сақтау әскери тергеу департаменті бастығының орынбасары болды.

2002-2012 жылдары  Қызылорда облысының ІІД басқарды. Артынша ОҚО ІІД басқарды. ҚР ІІМ көші-қон полициясы Комитетін басқарды. Үшінші дәрежелі «мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. «ІІМ-де жақсы қызмет еткені үшін» марапатын алған. ІІМ  құрмет грамотасымен марапатталған.

Айтбеков Сәкен Әбілдаұлы. Заң саласы бойынша жоғары білімі бар. Қарағандыдағы ІІМ-не қарасты Бейсенов атындағы  заң институтының магистратурасын бітірген. Кеңес үкіметінде қазақша күрес пен күрестен спорт шебері атағын алған.

сәкен

Сәкен Айтбеков өз қызметін Кентау қаласындағы ІІБ-де  қылмыстық іздестіру  инспекторы болып бастаған.  ОҚО ІІД-де ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бөлімінде түрлі басқармаларды басқарған. Сарыағаш ауданына қарасты  А ІІД басқарған.  ОҚО-бойынша ІІД басқармасының  жекебас қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасын басқарды. 2013-2015 жылдары  ОҚО ІІД бастығының орынбасары болған. 2015 жылдан бастап тура осы орган басшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Сондай-ақ, полковник Бекзат Жұмин және  Қайрат Пернебаевтар ұсталған. Олар  Қазақстан қарулы күштеріне қарасты «Юг» аймағы бойынша 35748 және 55652 пәрмендік әскери бөлімдерінде   командир болып қызмет еткен.

жұмин

Барлық көрсетілген азаматтар қазіргі кезде уақытша тергеу абақтысына жабылған. Олардың жеке басына қатысты бұлтартпау шарасы бойынша шешім қарастырылып жатыр.

 

 

Талқылау