Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бес жылда 140-тан астам полиция қызметкері қызмет бабында қаза тапты

Қазақстанда бес жылда 140-тан астам полиция қызметкері қызмет бабы барысында қаза тапты, деп хабарлады ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

12581329

Қазақстанда бес жылда 140-тан астам полиция қызметкері қызмет бабы барысында қаза тапты, деп хабарлады ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

“Соңғы бес жылда біз қызмет бабы кезінде 144 полиция қызметкері қаза тапқан», — деді Асанов ҚР Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

“Бұрын біз сыртқы жаудан секем алушы едік. Қазір іштен шыққан жаудың қатері одан да қауіптірек. Мемлекет басшысы полиция мен күш құрылымдардардың лаңкестермен күресте үлкен рөлін атап өтті және xалыққа оларға қатысты көзқарастарын өзгертуді шақырды. Полицейлер қоғам тыныштығын күні-түні қорғап келеді. Соққыны өздеріне қабылдайды. Көбіне олар — өз ісіне адал, нағыз кәсіби, өз өмірлерін беруге дайын мамандар”, — деп жалғастырды ол.

Еске сала кетейік, 18 шілдеде Алматыда болған террористік акт кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері – 28 жастағы полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетов, 24 жастағы полиция сержанты Мақсат Сәлімбаев және 42 жастағы полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапқан еді. 19 шілде күні полиция лейтенанты, ЖПП мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторы 29 жастағы Тимур Бегасыловтың  ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы атыс барысында қаза тапқан полицейлердің аты-жөні жарияланды (фото)

Талқылау