Қазақстанда емдеу кезінде жалған аппарат қолданған дәрігерлер жауапқа тартылуда

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 18:10

№1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Нұрмағамбетова қаралушыға ресейдің “ДэтаЭлис” жалған аппаратын қолдануды ұсынған. Бұл аппаратқа Ресейдің өзінде қолдануға тыйым салынған.

Безымянный

 

Бұл туралы STAN.KZ Tumba.kz– ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау қаласының прокуртурсына педиатрға қарсы Сұңғат Наушабаев есімді азамат шағымданған. Оның айтуынша желтоқсанның басында қызының денсаулығына байланысты жоспарлы тексеруден өткізу керек болған. Соған байланысты ол әйелі екеуі терапевт Нурмағамбетованы үйіне қарауға шақырады.

“Терапевт ресейлік “ДэтаЭлис” деп аталатын құралын жарнамалай бастады. Құралды сәулемен емдейді деп сендірді. Сосын қызымның бойында құрттар т.б. бар деген диагноз қойды. Ол осылай бизнес жасайтын көрінеді. Бағымызға орай, қазір ХХІ ғасыр ғой, ғаламтордан ол аппарат туралы оқып шықтым. Ресейдің өзінде бұл аппаратқа шектеу қойылған екен,” – дейді Сұңғат Наушабаев.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша Ақтау қаласының №”1 ауруханасының дәрігері  Нұрмағамбетованың ісі қаралып жатыр. Мәлімет бойынша, қалалық прокуратура дәрігерлердің заңдылықтары жөнінде Маңғыстау облысының медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Департаментіне тексеру жүргізу талабын жіберген.

Еске сала кетейік, бұған дейін де 5-ықшамауданындағы педиатрға қатысты биологиялық белсенді қоспаларды емдік дәрі ретінде берген деген айыппен жауапқа тартылған. Қалалық прокуратура Маңғыстау облысының медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Департаментіне және облыстық денсаулық сақтау басқармасына педиатр-дәрігерді әкімшілік, тәртіптік жауапқа тарту туралы, заң бұзушылықты болдырмау туралы талап етілген.

Ресейдің ІІД мәліметінше, 2013 жылы 20 мың “Дэта” жалған құралының жасалғаны анықталды. Зерттеу бойынша, “Дэта” аппараты медицинада қолдануға жарамсыз және Ресей аумағында тыйым салынады. Аппаратты жасаушы топтар одан қыруар пайда тапқан. Олардың бағалауынша, бір құрал 4 500 теңге тұрады. Аталған іс бойынша, Мәскеу мен облыс аумағында аппаратты жасаушылар, сақталған орындар жалған медициналық орталықтар, сондай-ақ, құралдарды шығару жөніндегі құжатты рәсімдеген мемлекеттік мекемелерде тексеріс жүрген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар