Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бай кісінің сатып алған арыстан баласы иесін қауып алған

Алматының хайуанаттар бағы арыстанның абданымен толықты. Хамзат деп аталатын еркек күшікті зообаққа бір жеке тұлға өткізген. Қазір оның жасы 8-9 ай шамасында.

????????????????????????????????????

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Әдетте, адамдар жыртқыш аңдардың төлдерін әуестіктен ермек ретінде асырайтыны белгілі. Ал кейін мұндай жануарлар өсе келе, өздерінің иелерін «ермекке» айналдырады, тістелеп мазаларын ала бастайды.

????????????????????????????????????

«Хамзат атты арыстан абданы иесін қауып алған. Иесі сол себепті зообаққа өткізіп отыр. Хайуанаттар бағының мал дәрігерлері оның дұрыс қоректендірілмегені салдарынан әлі толық жетілмегенін анықтады. Содан күні бүгінге дейін Хамзат ішкі карантинде болды.  Барлық алдын алу шарасынан кейін жыртқыштар үйіндегі торлы орынға жайғастырылды. Қазір ол біртіндеп, өсіп келе жатыр», – деп мәлімдейді Алматы зообағының баспасөз хатшысы Михаил Сорокумов.

????????????????????????????????????

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, арыстан баласы өте көңілді. Ол жақында үлкен арыстанға айналады. Өйткені қазір жалы өсіп келе жатыр екен.

Талқылау