Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баспана құны әлі де арзандайтын болады

Қазақстанда баспана бағасы қолжетімді бола  түседі. Сондықтан делдалдар пәтерін сатпақ болған азаматтардың бұл істі қазірден қолға алғаны жөн екенін айтады.

[ File # csp2871160, License # 2360003 ] Licensed through https://www.canstockphoto.com in accordance with the End User License Agreement (https://www.canstockphoto.com/legal.php) (c) Can Stock Photo Inc. / AlexKalina

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Жылжымайтын мүлік федерациясының президент Ермек Мүсірепов ұсыныстардың көптігін, алайда сұраныс жоқтығын айтып отыр. Сондықтан банктер ипотека беруді қойды.

«Сұраныс азайып бара жатыр. Жылжымайтын мүлік нарығы тоқырап тұр. Баспанасын сатқысы келетіндер қазірден бастап қимылдауы керек», – дейді ол.

Ал, елордалық агенттіктер пәтер алуға асықпау керектігін айтады. Оның айтуынша, шығынның аздығынан қазақстандықтар негізінен банк арқылы ипотекаға үй алып жатыр. Астанадағы бір шаршы метр үшін орта баға – 100 мың доллар. Ал, сатып алушы қолма қол ақша беру арқылы жақсы жеңілдіктер ала алады.

«Қазір аздап күте тұруға болады. Бағалар әлі де төмендейді. Қазір ақшаны теңгемен депозитке салған тиімді. Жақсы проценттер береді. Сатып алушылардың 60 пайызы пәтерді ипотекамен алады», – дейді Жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Марат Жакупов.

Жіберіп алмаңыз:

Адам танымастай бетінен айырылған жігіт 15 жылдан соң өмірге қайта оралды (фото, видео)

Жақындары Қостанай облысында көз жұмған жүкті әйелдің өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін айтып берді

Қостанай облысында жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Талқылау