Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Барби қуыршағына тыйым салынуы мүмкін

Нарық «ойыншылары» еуропалық стильде киінген Barbie қуыршағының ЕврАзЭқ-нің «Ойыншықтар қауіпсіздігі» техникалық регламентіне ене алмайтынын ескертті. Барби қуыршағын «ойыннан шеттететін» талапты қазақстандық тарап енгізді.

184290

Астана ЕврАзЭқ-нің «Ойыншықтар қауіпсіздігі» техрегламентіне психологиялық-педагогикалық сараптама нормасын енгізуді ұсынды, деп хабарлады “Известия” басылымы.

Авторлардың идеясына сәйкес, ойыншықтар «психо-педагогикалық қауіпсіздік критерийлеріне сәйкестендіріліп» барып, сатылымға шығуы тиіс. Осылайша, балаларды агрессияшыл қадамдарға, қатыгездік пен жауыздыққа жетелейтін ойыншықтардың сатылуына тыйым салынуы тиіс. Одан бөлек, зорлық пен азғындыққа, сексуалдық әрекеттерге құмарлықты оятатын ойыншықтарға тыйым салынады. Сондай-ақ, адамдардың физикалық кемшіліктері мен нәсілдік ерекшеліктеріне негативті көзқарас тудыратын ойыншықтар да сатылмайтын болады.

Ресейлік ойыншық саудагерлері «баланың адамгершілік-эмоционалды қасиеттеріне әсер ететін қауіпті дүниелердің» жобада толық көрсетілмегенін алға тартуда. Әсіресе, діни, ұлттық және Еуразиялық экономикалық одаққа қарасты көпконфессиялы және көпұлтты балалардың өзге де ерекшеліктерінің ескерілмегенін айтуда. Мәселен, АИДТ шығаратын балаларға арналған Barbie қуыршағы еуропалық стандарттарға сай ашық-шашық киіндірілген және ол мұсылман әлемінің құндылықтарына мүлдем сәйкес келмейді. Еуропалық үлгіде киінген Barbie қуыршағы Еуразиялық экономикалық одақтың көпконфессиялылығына сай келмейді. Barbie қуыршағы сатылымға өткен жүзжылдықтың ортасынан бастап шыққан.

Қуыршақ бұған дейін де талай сынның астында қалған. Мәселен, оны анорексия мен булимияның катализаторы деп атайтын. Сондай-ақ, оны мұсылман әлемі де қабылдай алмады. 2012 жылы Иран өз аймағында Barbie-ді сатуға тыйым салды. 2016 жылдың қысында қуыршақты өндіруші Mattel компаниясы оны мұсылман етіп шығарды. 2015 жылы Mattel-дің табысы $5,7 миллиардты құрады (2014 жылмен салыстырғанда 5,3% аз).

Бұл орайда өндірушілер мен саудагерлер жаңадан енгізілген тәртіптің экономикалық ахуалға кері әсер етуін айтуда. Өндірушілердің айтуынша, сараптаманың бұл түрі өндірістің өзіндік құнын одан сайын арттыра түседі. Тексерістің енгізудің өзі тауарды 20%-ға, ал белгілі бір мерзімде сараптама жасауды міндеттеу тағы да 30%-ға арттырады. Осындай шығындар арзан бағадағы тауарды қымбаттата үседі. Ақырында балаларға арналған тауардың қожетімділігі төмендейді. Қазіргі таңда өзгеріс енгізу жобасы 30 қарашаға дейін жалғасатын қоғам талқылауына ұсынылды.

Жіберіп алмаңыз: 

Секс-қуыршақтармен тұратын еркектердің өмірі (фото)

10 жылдан кейін махаббатты секс-қуыршаққа алмастыратындар саны бірден көбейеді

Мұсылман діні жайлы ақпарат беретін қуыршақтар пайда болды (фото,видео)

Онлайн дүкеннен сатып алынған жастық қуыршақтікі болып шыққан (фото)

Талқылау