Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда баласыз өмірді бақыт деп түсінетін жұптар саны артқан

Балалардан “тәуелсіз” өмір сүру Европада 90 жылдардың орта шенінде белең алды. Енді сол ағым Қазақстанды да шарпуда. Бірақ, отандық чайлдфри (баладан қашатындар) қозғалысын дамытушылар шетелдік мүдделестеріне қарағанда өз әрекетін көп жасырады. Әдетте олар бала тууға дайын емеспін деген сылтау айтады.

chajldfri-egoisty-ili-schastlivye-750x410

Сурет zhenskoeschastie.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Өздеріне ниеттес адамдарды қазақстандық чайлдфрилер арнайы сайттардан іздейді. “Потомства нет” деп аталатын интернет-қауымдастықтың қатысушысы алматылық Андрей әйелімен бірге шетелдердегі арнайы кештерге жиі барып тұрады. Ол қазақстандықтардың басы тұрмыстық мүдделермен толып қалған деп есептейді. Сол себепті де өзін ешкімнің алдында міндетім бар деп санамай, тек өмірден ләззат алғанды жөн көреді. Ол әйеліміз екеуміз бақыттымыз, ал өмірге бала келсе ол біздің ғажап тіршілігімізге кедергі келтіреді дейді.

“Мен әйелім абортты сұмдық қылмыс деп санайтын дәстүрлі отбасынан шыққан. Оның әпкесі бала туып, үнемі жөргек туралы, денсаулығы жайлы айтып отырады. Күйеуі де балалары үшін бүкіл қызықтан құр қалады. Мұндай өмірді жек көремін. Біз Рината екеуміз бала ешқашанда болмайды деп келістік. Келіншегім ешқашан екіқабат болған емес. Ол менің періштем. Ол үшін бәрін жасаймын. Жыл сайын шекара асып, демалып тұрамыз”, – дейді Андрей.

Негізінде мұндай өмірді ұстанатындай бірнеше категорияға бөлінеді екен. Мәселен, Андрей мен Рината реджектор тобына жатады. Олардың жеккөрініш сезімі тек балаға емес, ата-анаға да бар. Сондай-ақ, Андрейді ашуландыратын тағы бір нәрсе, ол аз қамтылған отбасылардың өздерінің әлеуметтік жағдайларына қарамастан бала туа беретіндігі екен. Баланы көп босанып жәрдемақы, үй, тегін дәрі аламын деген үмітпен өмір сүру бекершілік дейді ол.

“Маған қоршаған ортадағы адамдардың пікірінің еш маңызы жоқ. Менің махаббатым өзім мен келіншегіме толығынан жетеді”, – дейді Андрей.

Талқылау