Қазақстанда баласы бар мемлекеттік қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етілмекші

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы айтты.

Қазақстанда баласы бар мемлекеттік қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етілмекші

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Балаларын күнделікті балабақша немесе мектепке апаруға мәжбүр қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы сағат 09:30-да басталады. Сондай-ақ, қызметкерлердің үштен екі бөлігі түскі астың уақытын ұзартуға ниет білдіргендіктен, олар үшін жұмыс күні жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни, түскі ас уақыты ұзартылған қызметкерлер кешкі сағат жетіге дейін жұмыс істейді. Егер жоба сәтті жүзеге асып, оң нәтиже берсе, онда жаңа жұмыс кестесі басқа да мемлекеттік органдарда да енгізіледі», – деді агенттік төрағасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар