Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балабақша қызметкерлері жұмыс уақытында ішімдік қойып дастарқан жайған

Алматы қаласының жекеменшік балабақшаларының бірінде дау туды. Ата-аналар тәрбиешілерде балаларға дұрыс қарамайды деп айып тақты. Ал бұның бәрі ата-аналар тобына жіберілген видеодан басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасының «Большие новости» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстанда балабақша қызметкерлері жұмыс уақытында ішімдік қойып дастарқан жайған

Алматы қаласында «Симба» балабақшасындағы түскі ас кезінде болған жайтты мекеменің бұрынғы қызметкері Александра Новикова түсіріп алған. Ол бірнеше ай бойы аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеген. Оның айтуынша, тамақтану сәті әрдайым балалардың жылауымен және үлкендердің айқайлауымен өтеді.

«Бір апта бұрын ғана келген қызды ұрып, қинап тамақтандыратын. Салдарынан күшкентай бүлдіршін тіпті құсып жіберген. Бұл жерде әрдайым тәрбиешілер балаларға аяусыз қарайды. Менің де балаларымды ұрған кездері болған», – дейді Новикова.

Ол жұмыстан шығып кеткеннен кейін балаларды аяусыз тамақтандырып жатқан видеоларды ата-аналарға жіберген. Және бұл видеода тек аздаған сәттер түсірілгенін, басқа кезде тәрбиешілер балаларды ұратынын да мәлімдеді.

Видеодан өз баласын таныған әке, ол балабақшаға бір емес, екі баласы қатарынан баратынын айтты. Үлкен баласының тәрбиешілер күнделікті оны ұрады деген айыбына, мекеме қызметкерлері балалар көп кезде өтірік айтады деп ақталған.

Ал тағы бір тарап кеткен видеода баланы адамшошырлықтай қылып тұншықтырып жатқанын көрдік. Бұл оқиға Теміртау қаласында орын алған.

Тәрбиеші ұрып-соғып жатқан бүлдіршін небәрі бір жарым жаста. Оның ата-анасының айтуынша, қыз қазір түнде дұрыс ұйықтай алмайды. Олар балабақша меңгерушісінен тәрбиешінің қылығына нақты түсініктеме беруді талап етіп отыр.

Балабақша меңгерушісінің айтуынша, қызды ұрған тәрбиешінің барлық медициналық құжаттары дұрыс болған және ол үшін жауап бермейтіндерін айтады.

Мұндай жауапты қанағат тұтпаған ата-аналар балабақша қызметіне қатысты іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізуді талап етуде. Заңды тұрғыда жауапқа тартылатын әйел өтемақы төлеп немесе қырық күнге ғана түрмеге қамалуы мүмкін. Алайда бұндай жаза қыздың ата-анасын қанағаттандырып отырған жоқ. Олар соңына дейін барып, басқа қаталдау жаза қолдануларына және балабақшаның жабылуына қол жеткіземіз дейді.

Ал бастапқыда айтқан Алматы қаласындағы «Симба» балабақшасының меңгерушісі, видео тарап кеткеннен кейін бір тәрбиеші жұмысқа келмегенін айтады. Сонымен қатар, бұрыңғы қызметкердің мұндай әрекетке барғанына наразы.

«Видеода барлық жағдай толық түсірілмеген. Балаларды қинап тамақтандырып жатқан тәрбиешілерге ескерту жасаған кездерім мысалы видеодан алынып тастаған. Александра өзі қалаған сәттерді ғана түсіріп алған», – дейді балабақша меңгерушісі.

Алайда Александра басқа жағдайларды да суретке түсіріп, жұмыс уақытында тәрбиешілер салатпен ішімдік ішетіндерін айтқан.

«Балалар ұйықтаған кезде барлық әріптестер отырып стақан соғысып ішімдік ішеді. Олардың қатарында меңгеруші де, медбикеде бар. Әр мейрам сайын, қызметкерлердің туған күндерінде, тіпті әр жұма сайын осылай дастарқан жаятын. Оған белгілі себептің қажеті жоқ еді», – дейді «Симба» балабақшасының бұрынғы қызметкері Александра.

Бірақ балабақша басшылары қалған балалардың ата-аналарын жақын арада видеобақылау камералары орнатылатынын, қызметкерлердің жоғары деңгейде жұмыс атқаратындарын айтып сендіруде.
Ал баласын қинап тамақтандырғанын көрген әке болса баласын «Симба» балабақшасынан алып кеткен, басқа жақсы мектепке дейінгі шағын орталық тапқанын мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау