Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бағаларды теңгемен белгілемеген жағдайда айыппұл салу көзделіп отыр

ҚР Ұлттық банкі құқық қорғау органдарымен бірге әкімшілік жауапкершілікке байланысты тиісті шараларды қарастырып жатыр, – деп хабарлайды informburo.kz.

doll

Сурет nb.kz сайтынан алынды

«Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық банкі құқық қорғау органдарымен бірге бағаларды ұлттық валютамен белгілемеген жағдайға байланысты әкімшілік жауапкершілікке тиісті шараларды қарастырып жатыр», – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік пен көлік сатылымы туралы танымал сайттар бағаны доллардан теңгеге ауыстарған. Сөйтіп, Алматы орталығындағы 3-бөлмелі пәтерлер мен BMW X5 150 мың теңгеге шықты.

Сондақ-ақ, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Келімбетов Қазақстанда барлық бағалар теңгемен белгіленіп, Ресей тәжірибесін қолданатынын мәлімдеген болатын.

Мемлекет басшысы ел үкіметіне экономиканың долларсыздануы мен құнсыздануды шектеуді тапсырған. Кейіннен Қайрат Келімбетов үкіметпен бірлесе отырып, осы істе жоспар құрғанын айтты. Сонымен қатар, Қазақстанда долларсыздану 5-10 жылда жүзеге асатынын айтып өткен еді.

Талқылау