Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бүгін телерадиохабар тарату қызметі тоқтап тұр

2016 жылдың 18 сәуірінде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін ҚР телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы – «Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық қондырғыларында қызметті тоқтата тұрып, жоспарлық-алдын алу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

пульттттт

Бұл туралы Қазаөпарат хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімдіктегі теле, радиоарналардың тізімін бекіту туралы» 2016 жылдың 23 ақпанындағы №213 Бұйрықтың негізінде 2016 жылдың 18 сәуірінде сағат 03:00 бен 17:00 аралығында «Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық қондырғыларында қызметті жабу арқылы, сондай-ақ еркін қолжетімдіктегі отандық телеарналардың ақпараттық жылдамдығын арттыру, «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар таралым бағдараламалар пакетіндегі телеарналар құрамын өзгерту және оларды «Intelsat 904»/«KazSat-3» ғарыш аппараттарының транспондерлеріне қайта үлестіру бойынша жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

– «Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық қондырғыларында қызметті жабу арқылы жоспарлық-алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын жүргізіп отырады. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар тарату үшін қажет. Әрі тоқсандық жоспарлық-алдын алу жұмыстар қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, бұл уақытта техникалық қондырғыларды жетілдіру бойынша қосымша іс-шаралар жүргізіледі. Жоспарлық-алдын алу жұмыстары кезінде дыбыстық сүйемелдеуді автоматтық реттеу жүйесін енгізу, арналық жоспарды өзгерту жұмыстары, сондай-ақ жерсеріктік желінің ақпараттық жылдамдығын арттыру арқылы хабар тарату сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Жерсеріктік желі Алматы, Астана және Орал қалаларында орналасқан үш техникалық орталықтан тұрады, – деді «Қазтелерадио» АҚ Телерадиохабар тарату желілерін пайдалану бойынша Атқарушы директор Теміржан Құлбаев.

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа арналық жоспарды қабылдағалы бері кейбір жергілікті телеарналар республика аумағына хабар таратуға мүмкіндік алды, ал бұл отандық теле, радиоарналардың ары қарай дамуына септігін тигізбек. Сонымен қатар, 18 сәуірден бастап «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісіндегі теле, радиоарналардың нумерациясында өзгерістер болады, бұл өзгерістер otautv.kz сайтында жарияланған.

 

Талқылау