Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын екі есеге қысқарту ұсынылды

ҚҰКП партиясы тарапынан әйелдердің түске дейін жұмыс істеп, түстен кейін бала тәрбиесімен айналысуы жөнінде ұсыныс жасалды.

IT_620

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Медицина, қызмет көрсету, білім беру саласында көптеген әйел қызметкерлер қамтылған. Алайда, олардың жалақысы төмен. Сондықтан әйелдер көптеп ақша табу үшін аянбай еңбектенуге мәжбүр. Ал, бала тәрбиесіне уақыттары жетпей жатады», – деп мәлімдеді ҚҰКП-нің Астана қаласындағы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубакіов гендерлік зерттеу презентациясында.

Әубәкіров осындай мәселелерді айта келе, әйелдердің жұмыс кестесін жеңілдетуді ұсынды.

«Кейбіреулер әйелдердің тек түске дейін ғана жұмыс істеп, түстен кейін бала тәрбиесімен айналысуы кере екенін айтады. Бірақ, өкінішке қарай әйелдер жағы бұл мәселені көтеріп, президентке, үкіметке жеткізбейді. Кім біледі, егер қолға алса, біз әлемдегі осындай жұмыс кестесі орнаған алғашқы ел болар ма едік», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жүкті әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды

Ақтауда несиесін төлей алмаған әйел 9-қабаттан секірмек болды (видео)

Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті

Бала күнгі суреттерді ересек кезінде қайталап түскен аяулы көріністер (фото)

Талқылау