Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда автобустарға да Ashyq жүйесі енгізілді

 Атырауда автобустарға да "Ашық" жүйесі енгізілді. Бүгіннен бастап қоғамдық көлікке жолаушылар QR-кодты сканерлеген соң ғана міне алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

маска автобус

"Қызыл" немесе "сары" мәртебе шықса, автобусқа отыруға рұқсат жоқ. Өзі науқас немесе ауру адаммен байланыста бола тұра, карантин тәртібін бұзып қоғамдық көлікпен қала шарламақ болғандар анықталса, тиісті шара қолданылады.

Бұл шешімді Атырау қаласының әкімдігі қабылдаған. Өйткені қазір Атырау эпидахуалы ушыққан "қою қызыл" белдеудегі 4 қаланың қатарында. Мұнда апта басынан бері басқа да карантин талаптары күшейтіліп жатыр. 

Талқылау